Үздік туындылар Ұлттық музейге тапсырылды

26176710 166728400745088 1643409866 n

Биыл Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық өнер туындылары байқау 8-ші мәрте өткен болатын. Аталған байқауда «Ең үздік қолөнер» номинациясы бойынша топ жарған туындылар Ұлттық музейдің қорына тапсырылды.

«Ертоқым» шығармашылық жұмысымен I орын алған Бейсбеков Берік ертоқымды бір айдың ішінде жасапты. Ерекшелігі - ертоқым бақатеректен құралып, түйенің терісімен және күміспен қапталып жасалған. Сырт жағы қара малдың терісімен оюланып, көгілдір ақық таспен сәнделген.

2 орын алган

Аталған байқауда II орынды Құсман Гүлжайдың "Жайлау" панносы иеленді. Бұл кестеде  дала сұлулығы көрініс тапқан. Шығармашылық жұмыста еркін самғаған құстарды бейнелейтін құсқанаты оюы және қошқар мүйіз оюы ерекше үйлесім тапқан. Кесте дала әсемдігін айқындайтын гүл оюлармен көмкерілген.

IMG 5038-28-11-17-12-49

Ал III орынға Мадияр Жапабаевтың «Үш жүз» деп аталатын найзалар жиынтығы лайық деп табылған.  Бұл үш жұмыс Ұлттық музейдің қорына қабылданды. Бұл жәдігерлердің барлығы алдағы уақытта ұйымдастырылатын көрмелерге қойылатын болады.

Поделиться