Тәуелсіздік күні тойланды

D4S 2784

2017 жылғы 15 желтоқсанда Ұлттық музейде Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға музей басшылығы мен музей ұжымы қатысты.

Ұжымды мерекемен құттықтаған Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Владимирұлы Кочетов Тәуелсіздік мерекесінің маңызына тоқталып, «Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Бұл мереке – еліміздің терең тарихына, ата-баба рухына, алдыңғы буынның қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иетін мереке. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, ендігі біздің міндет – тәуелсіздікті нығайту», деді.  

D4S кун

Шара барысында музей саласында атқарған нәтижелі еңбектері үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда Қор сақтау бөлімінің жетекшісі Садықова Ұлжан Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметінің қызметкері Қанат Мусин ҚР Кәсіподақтар федерациясы "Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының" «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.  Музейдің өзге де қызметкерлері алғыс хаттар мен  құрмет грамоталарына ие болды. 

D4S 2943

 

Жиын музей қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнерпаздар мереке құрметіне патриоттық әндер шырқап, меймандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

D4S 2967

 

Поделиться