«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

D4S 1190

2017 жылғы 12 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 26 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»  атты балалар  көрмесі ашылды. Көрмеге Ұлттық музейдегі   «Кескіндеме және графика», «Шебер»  үйірмелеріне қатысушылардың жұмыстары қойылған.

D4S 1356

Аталмыш көрменің басты мақсаты – жасөспірімдер  жұмыстарының нәтижелерін көрсету  мен   олардың  эстетикалық және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру.

D4S 1330

Көрмені ҚР Ұлттық музейінің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру жұмысы секторы ұйымдастырды. «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусымында ашылған. Үйірмеде  ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынов дәріс береді. Ал «Шебер» үйірмесі 2017 жылдың қыркүйек айында ашылған болатын.  Онда  шәкірттер қолөнер, тігін, биссер тоқу өнерін үйренеді . 

тәуелс

Үйірмелердегі оқыту бағдарламасы тұлғаның әсемдікке қатысты қабілетін жетілдіріп,  өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білу қасиетін қалыптастырады. Сонымен қатар әлемдік және отандық өнердің тарихын оқытып,  шығармашылық тапсырманың орындалу техникасын  меңгертеді. 

Поделиться