«АРТ серпіліс»

D4S 2082

2017 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Жаһанданған әлемдегі қазақстандық заманауи мәдениет» жобасын жүзеге асыру шеңберінде бейнелеу өнерінің «АРТ серпіліс» көрмесі ашылды.

D4S 1583

Көрмеде «Ruh.kz» сайтына іріктеліп алынған және әртүрлі көркемсурет институциялары шығармаларын шетелдерде танытуға ұсынған суретшілердің туындылары экспозицияланды.

D4S 2058

Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов: «бүгінгі «Арт серпіліс» көрмесі әлемдік қауымдастыққа өзіміздің аз танылған бейнелеу өнерімізді айтарлықтай таныстыруға мүмкіндік береді. Көркем сурет, мүсін,  монументалды-сәндік мүсін және станокты графика, сәндік-қолданбалы өнер сынды әртүрлі өнер жанрларында жұмыс жасайтын шеберлеріміздің туындылары шетелдік көрермендерге біздің ұлттық көркем сурет мектебімізді таныстыра отырып, таңғалдырады деген сенімдемін» деді.

Жеке туындылары экспозицияланған авторлардың көпшілігі көрменің ашылу салтанатына қатысты. Республиканың әр өңірінен келген қылқалам шеберлері мен мүсін өнерінің майталмандары көрмені  ұйымдастырушыларға, яғни, Ұлттық музей басшылығына алғыстарын білдірді.

D4S 2146Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі  «Жаһанданған әлемдегі қазақстандық заманауи мәдениет» жобасы елдің мәдени әлеуетін шетелдерге кеңінен таныстыратын бірегей мүмкіндік саналады және әлемдік қауымдастық санасында мемлекеттің дұрыс бейнесін қалыптастыруға және танытуға ықпал етеді.

Қазақстанның экономикасы дамыған елдердің қатарына енуге ұмтылуы, сол сияқты оның бірегей мәдени әлеуеті артқан халықаралық бейнесін қалыптастыру, негізінен, оның халықаралық мәдени және интеллектуалды кеңістікке қаншалықты интеграцияланғандығымен белгіленеді. Бүгінгі таңда біз әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия елдерінің геосаяси ахуалына, соның ішінде Қазақстанның көпғасырлық ерекше мәдениет қыртыстарына және аталған аймақтың заманауи өнерінің даму үрдістеріне қатты қызығушылық танытып отырғанын байқаймыз.

D4S 1556

«АРТ серпіліс» көрмесінің аясында13 және 14 желтоқсанда дөңгелек үстел  және дискуссиялық клуб отырыстары өтеді. Отырыстарда Қазақстанның бейнелеу өнері дамуының бүгінгі ахуалы мен мәселелері, шетелдерде өнерді танытудың негізгі қағидаттарын талқылау, мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау т.б тақырыптар талқыланады.

D4S 1636

«АРТ серпіліс» көрмесі 2018 жылғы 15 қаңтарға дейін жалғасады.

Поделиться