Анхель Гурриа Ұлттық музейді тамашалады

а

Қазақстандағы алғашқы ресми іссапары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Анхель Гурриа Ұлттық музейде болды.

Мейманға музей экспозициясындағы қола және темір дәуірлерінің жәдігерлері, этнографиялық бұйымдар, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихынан сыр шертетін фотоқұжаттар таныстырылды. Сонымен бірге құрметті қонаққа музей экспозициясында қолданылған заманауи технологиялар көрсетілді.

а2

Анхель Гурриа музейдің қызметіне жоғары баға беріп, одан әрі жұмысының жемісті болуына тілектестік білдірді.

а3

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 1948 жылы құрылған. Қазіргі таңда оның құрамына әлем ІЖӨ-нің 60% үлесін алып жатқан 35 мемлекет кіреді. Штаб-пәтері Парижде орналасқан.

а4