Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы

D4S 8725

2017 жылғы 20 қазанда ҚР Ұлттық музейі Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын қолдау мақсатында жиын өткізді.

Шараға Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов, антрополог-ғалым Оразақ Смағұлов, «Нұр Отан» партиясының өкілі Шыңғысхан Қожахметов және музей қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Президентіміздің латын әліпбиіне көшу туралы бастамасы төңірегінде сөз қозғалды. Сөз алғандардың барлығы латын әліпбиіне көшу туралы бастаманы қолдайтындарын жеткізе отырып, өз ұсыныстарын да білдірді.

D4S 8750

 Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов: «Латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінгі таңдағы ең маңызды тақырып. Еліміздің түкпір-түкпірінде осы тақырыпта түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Кеше ғана дәл осы Ұлттық музейде де «Ұлы дала болашағына қадам – латын әліпбиі» атты дөңгелек үсел өтті. Мұның барлығы қарапайым халықтың көзқарасын білу және сала мамандардың пайымды пікірлеріне құлақ асу мақсатында ұйымдастырылуда» – деді.

D4S 8729

Музейде қызмет ететін жас буын өкілдерінің атынан сөз алған Досжан Сқақов: «Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың бастамасын қазақ жастары әрдайым қолдауға әзір. Бұл бастамаға бет бұру жолында, әсіресе, жастардың алдында көп қиындық тұр деп айта алмаймыз. Қолымызда ұстап жүрген телефондарымыздан бастап өзгеде гаджеттердің көмегімен және мектеп қабырғасынан бастап ағылшын, франсуз, неміс т.б тілдерді қосымша оқыған кез-келгеніміз латын қаріпімен таныспыз. Сондықтан да алдағы уақытта қазақ тілінің төл дыбыстарын латын әліпбиінде жазудың бірыңғай үлгісі қабылдана салысымен жастар латын әліпбиінде жазуға дайын деуге негіз бар» – деп, өз пікірін білдірді.