«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

D4S 9252

2017 жылғы 7 - қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы сөз қозғалған «Ұлттың жаңғыруы – Мәңгілік елге бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға  қоғам қайраткері – Оразгүл Асанғазы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы  – Садықов Тілеген, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Артықбаев Жамбыл бастаған бірқатар ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасы мақаласында баяндалған ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, білім мен бәсеке, руханиятты қайта түлету, біртіндеп латын әліпбиіне көшу, «Туған жер» бағдарламасы сынды алға қойылған мақсатты жұмыстар турасында ой қозғады. Әліде атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталып, басым бағыт берілуі қажет тапсырмаларды атап өтті.

D4S 9303Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы: «Біздің ең басты мәселеміз – Ұлттық код. Егер біз Ұлттық кодымызды сақтамасақ, шет елге еліктейтін болсақ – адасамыз. Бұл мәселе негізінен жастарға арналған. Жастар өзіміздің ұлттық болмысымызды бойларына сіңіре отырып әлем өркениетімен сусындауы керек. Бірнеше тіл үйреніп, әлемді танысада алдымен қазақ тілі мен қазақылық тұру керек. Осы тұрғыда жастарға көп насихат айтылуы қажет» – деді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы  – Садықов Тілеген мырза «Туған жер» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.

D4S 9324«Қазақтың ұғымында «туған жер», «кіндік қаны тамған жер» деген түсінік бар. Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз қазақтың кең даласында жатыр. Кез келген аудан, ауылдың тарихын алып қарасақ біздің мәдениетіміз өнеріміз самсап тұр. Біз солардың барлығын жүйелеуіміз керек. Белгілі тарихшылар, этнографтар, жергілікті жердегі белсенді азаматтар бар барлығымыз бірігіп осынау бағдарлама аясында жұмыс жасайтын болсақ айтарлықтай нәтиже көрсете аламыз» – дей келе,тарихшылар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Биылдан бастап тарих мамандығына мемлекеттік грант санының артып отырғаны ұлт тарихын, ел тарихын зерттейтін тарихшы мамандардың санының артатынына ықпал ететінін де айта кетті.

D4S 9272

Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы 2017 жылғы 12 сәуірде жарық көрген болатын. Мақалада Қазақстан халқының рухани жаңғыруына басты назар аударылған. Бұл бағытта бәсекеге қабілеттілікті арттырып, білімнің салтанат құруына жағдай жасалатыны да мақалада айтылған. Әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару, әлем халқын отандық қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру бойынша да  жұмыстар жүргізілуде.