Астанада "Арт Дала: уақыт пен кеңістіктегі диалог" атты халықаралық көрме ашылды

D4S 0855

2017 жылғы 13 шілде күні ҚР Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының қолдауымен «Арт Дала: уақыт пен кеңістіктегі  диалог" атты халықаралық кескіндеме және графика көрмесі ашылды.

Көрмеге он елдің отыз үш суретшісінің уақыт белгісі болып саналатын жүз туындысы қойылған. Жасына қарамастан, олар біздің елімізде және шетелде танылған, жетілген шеберлер.

Авторлардың тақырыптарының, сюжеттерінің, стильдерінің және кескіндеме бағыттарының,  сондай-ақ географияларының диапазоны кең және әр алуан. Көрменің «Арт Дала:  уақыт пен кеңістіктегі диалогтар» атауы кездейсоқ емес. Оның басты идеясы –  заманауи отандық кескіндеме дауысының полифониясын, олардың шетелдік дискурстарымен үндестігін таныту.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бүгінгі көрменің өзіндік ерекшелігі бар. «Арт Дала» деген тақырып Ұлы даланың ғажап келбетін ұғындыра түспек. Осы көрмеге өз туындыларын ұсынған талантты суретшілерге үлкен жетістік, сәттілік тілеймін», – деді көрменің ашылу салтанатында.

D4S 1413

Осы ауқымды көрмеде қазақстандық кескіндемедегі ең жақсы, отанымыздың қалыптасқан шеберлерінің шығармалары қойылған. Олар – Ғани Баянов, Асқар Есдәулетов, Марат Бекеев, Шамиль Гулиев, Андрей Нода, Владимир Григорьян, Вячеслав Люй-Ко, Евгений Фридлин, Алексей Уткин, Нұрлан Бажиров, Асемқұл Бейбіт, Татьяна Баринова, Жанат Кошен, Нұржан Сауытбеков және ең жас қатысушысы - Марьям Ералиева.

D4S 1435

Көрменің кураторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы кафедрасының профессоры Ольга Батурина: «Бұл көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен және қолдауымен ұйымдастырылды. Бізге түрлі жастағы суретшілердің шығармаларын жинақтап, түрлі бағыттағы өзгеше стилдегі туындыларды жинақтау туралы күрделі тапсырма берілді. Арт Дала дегеніміз –  географиялық ұғым емес, ол – бөлек көзқарас, бір-біріне ұқсамайтын түрлі туындылардың топтасуы. Мұнда отыз үш қазақстандық және шетелдік танымал, есімдері елге белгілі, талантты суретшілердің көркем туындылары қойылды».

Санкт-Петербург заманауи суретшілерінің жауһарлары қазақстандық көрермендерді  өздерінің шығармашылығымен алғаш рет таныстырды. Олар – Клим Ли (Ресей Көркемөнер Академиясының Құрметті академигі, РФ еңбек сіңірген суретшісі), Александр Чувин (Ресей Көркемөнер Академиясының академигі,  Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі), Хамид Савкуев, Константин мен Екатерина Грачевтар, Никита Фомин, Олег Михайлов.

D4S 0853

Көрмеге басқа елдердің суретшілерінің туындылары да қойылған: АҚШ – Роза Алелашвили, Италия – Кармине Барбаро, Украина – Андрей Копчак, Грузия – Русудан Хизанишвили, Өзбекстан – Сардор Аллабергенов және Анвар Бахтеев (Өзбекстан Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі), , Түрікменстан – Ованезмухамед Маметнуров (Түрікменстан Халық суретшісі), Қырғызстан – Джылдызбек Молдахматов (ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері), Әзірбайжан – Елена Ахвердиева.

D4S 0846

Көрермендер әртүрлі буындағы, әртүрлі мектеп, бейбітшілікке әртүрлі көзқарасты, бірақ басты ұстанымы – жоғары кәсіби деңгейімен біріккен суретшілердің туындыларын көреді.  Кескіндемелік туындылары ұсынылған көрмеде біздің әлемді дәл көрсететін ең үздік шығармашылық жұмыстар жиналған. Бұл  көптеген мағыналарды ашатын, біздің заманның әртүрлі қырларын білдіретін, адам мен табиғаттың жаңа образдарынан туындайтын, ішкі жан мен сыртқы дүниені, заманауи мен дәстүрлікті, жұмбақ пен үйреншіктіні, прозалық пен поэтикалықты  байланыстыратын көрме.

D4S 0858

Көрме 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейін жалғасады.