Латвия Президенті Раймондс Вейонис ҚР Ұлттық музейін аралады

05.06 58

Қазақстанға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында Латвия күндерінің салтанатты ашылуына келген Латвия президенті Раймондс Вейонис Ұлттық музейдің жәдігерлерімен танысты.  

Вейонис мырза қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және тұрмысымен танысып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени бағдарламасының аясында музейде өтіп жатқан «Император Цинь Шихуандиның Терракота әскері» халықаралық көрмені тамашалады.

05.06 236

Сонымен қатар Латвиядан келген қонақтар «Сақтар алтыны» халықаралық көрмесінің жәдігерлерімен және ЮНЕСКО жіктелімі бойынша «Жібек жолы» елдерінің мультимедиялық мәдени-тарихи көрмесімен танысты.

05.06 254

Сапар соңында Р. Вейонис мырза құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, жемісті жұмыс тіледі.