Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы Ұлттық музейде

D4S 9502

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күндерінің ашылуына келген ҚХР Халық өкілдерінің Бүкілқытай Жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Шень Юэюэ ханым Ұлттық музейді аралады.

Шень Юэюэ ханымға музейдегі құнды жәдігерлер мен «ЭКСПО-2017» аясында музейде өтіп жатқан «Қытай императоры Цинь Шихауандидің терракота әскері» көрмесі таныстырылды.

Ұлттық музейді аралау барысында Қытай елінен келген қонақтарға ЮНЕСКО классификациясы бойынша» «Жібек жолы» елдерінің мәдени-тарихи мультимедиялық көрмесі, «Сақ алтыны» халықаралық көрмесіне қойылған жауһарлар көрсетілді.