Литва суретшісі Әсия Радавичененің "Тылсым әлем" көрмесі

новый коллаж

2017 жылғы 11 шілде сағат 19.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ұйымдастырылған Литва суретшісі Әсия Радавичененің «Тылсым әлем» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Суретшінің тарихи отаны Қазақстан. Ақтөбе қаласында дүниеге келген Әсия Ғалымжанқызы Әлжанова экономика ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылымдардың докторы, Ақтөбенің жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік пәндердердің оқытушысы.

Әсия Радавичене 1989 жылдан Литвада тұрады. Ол осы жерде көркем суретпен айналыса бастайды. Суретшінің туындылары таңғажайып пәктігімен және тазалығымен, мәнерлілігімен және екпінділігімен ерекшеленеді. Оларда  шынайылық, сиқыр және ертегі керемет үйлесім тапқан. 

Көрменің ашылуына «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Литва Республикасының өкілдері, мәдениет және қоғам  қайраткерлері және т.б. қатысады