80 жастағы Томийо Ямада Ұлттық музеймен танысты

D4S 9123

Әлемге әйгілі «ЭКСПО-әжей» бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады.

Музеймен танысу барысында еліміздің тарихы, мәдениеті, тұрмыс салты мен Астана - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің аясында музейде өтіп жатқан Халықаралық уақытша көрмелермен танысты.

D4S 9013

Жасы 80-ді еңсерген «ЭКСПО-әжей» осымен 7-ші халықаралық мамандандырылған көрменің куәсі болып отыр. Томийо Ямаданың айтуынша, 1970  жылы алғаш рет Осакада өткен көрмеге қатысқан. Содан бері Ганновер, Милан, Шанхай қалаларында өткен көрмелерді аралады.D4S 9058D4S 9083