Хатем ғибадатханасындағы археологиялық зерттеулер

b87b308dea585c9b8a03af81e8ee0660

Осы жылғы далалық маусымда ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Баянды ауылынан солтүстікке қарай 13 шақырым жерде орналасқан Хатем ғибадатханасында зерттеу жұмыстарын атқарды.

Ғибадатхана жоғарғы террассада орналасқан, ескерткіш құрамына екі тас қаланды және төрт этнографиялық кезеңнің жерлеу орындары кіреді. Зерттеу нысаны № 1 болып белгіленіп, қазба жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш шеңбер пішіндес екі қатар тас қаландылар негізінде тұрғызылған, сыртқы шеңбердің көлемі-  7,55 м, ішкі шеңбер –  С-О – 4,46 м, Б-Ш – 4,20 м шамасында. Тастан қаланған ескерткіштің оңтүстік-батыс бөлігінде ішке кіруге арналған есіктің орны анық байқалады.

Шеңбер тәріздес тас қаландының ішінде батыс-шығыс бағытта орналасқан төрт қабір үсті тастары анықталды. Қабір үсті тастары арнайы өңделген. Қазба жұмысы жүргізілген қабір шұңқырында адам қаңқасы ақымда, оң жақ қырымен, басы солтүстікке бағытталып және беті оңтүстікке қаратылып қойылған. Жанына ешқандай зат қойылмаған.