Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніне жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары

40b1672f221cabfeea4af168a9366e8b

2017 жылғы далалық маусымда ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ж.с.д. VI-II ғғ. жататын Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастырды.

Ескерткіш Ақтөбе облысы Қобда ауданының территориясында орналасқан.
Жерлеу ескерткішінің орталық бөлігінде қатарласа орналасқан екі қабір шұңқырының үсті ағаш бөренелер мен қамыс жамылғыны пайдалана отырып жасалынған, шатыр тәріздес ерекше архитектуралық конструкция болғандығын археологтар қазба барысында анықтады.Оба үйіндісі топырағының үлкен көлемде болуы және біренеше ғасырлар бойы ауыр топыраққа жаншылып жатсада, ағаштан жасалған конструкция өзінің негізгі пішінін беретіндей дәрежеде сақталған. Ағаш кострукцияның беті қамыспен жабылған.
Оба үйіндісінің аумағында шатыр тәріздес ағаш конструкцияны тіреп тұруға арналған бөренелердің орны боуы мүмкін шұңқырлар, шеңбер пішінде орналасқан.
Ағаш конструкцияны тазалау жұмыстарынан кейін, қатар орналасқан екі қабір шұңқыры анықталған. Өкінішке орай орталық қабір шұңқырлар ежелгі замандарда тоналғандығы анықталды.
Табылған жәдігерлер арасында қоладан жасалған жебенің ұшын, ат әбзелінің бөлшегін және сынған қыш ыдысты атап өтуге болады.