«Халық қазынасы» Қазақстан музейлері қауымдастығы


2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде басшылығында Ассоциация президенті – Д.Қ. Мыңбаймен «Халық қазынасы» Қазақстан музейлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігін («Халық қазынасы» ҚМҚ» ЗТБ) құру туралы бастамашылық көтерілген болатын.

Ассоциацияның басты мақсаты музейлердің коммерциялық емес сипаттағы мәдени, ағартушылық және ғылыми міндеттерді жүзеге асыратын мекеме ретіндегі әлеуметтік бағытын қамтамасыз етуге ықпалдастық жасау болып табылады.

 

Ассоциацияның міндеттері:

• Қазақстан музейлерінің қызметін дамыту мен сапасын көтеруге ықпал ету.
• Қазақстан музейлерінің аймақаралық және халықаралық байланысының дамуын қамтамасыз ету.
• Ассоциация мүшелерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету.
• Музей міндеттерін жоғары деңгейде іске асыру үшін интеллектуальды, қаржы, ұйымдастыру және басқа да қорларды тарту.
• Музей қызметі, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мен сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік құқықтық нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу.
• Ассоциация мүшелеріне ақпараттық, консультациялық және әдістемелік көмек ұйымдастыру, музей бұйымдары мен музей топтамаларын сипаттаудың бірыңғай стандарттарын жасау.
• Ассоциация мүшелері жұмысының тиімділігіне ықпал ететін мәліметтер мен басқа да ақпараттық жүйелердің банкін құру.
• Ассоциация мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік билік органдарына ұсыну.
• Музейлер мен музей қызметкерлерін мемлекеттік және басқа сыйлықтарға және мемлекеттік марапаттарға ұсыну.
• Ассоциацияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды дайындау және қаржыландыру.
• Қазақстандағы және шетелдердегі коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен және олардың ассоциацияларымен (одақтарымен) өзара әрекеттестік жасау.

Бүгінгі таңда Ассоциацияға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «С.Сейфуллин» музейі (Астана қ.), Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығы және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі (Долинка п.) кірді. Қазақстанның бірқатар музейлері жаңа бірлестікке қызығушылық танытып, бүгінде «Халық қазынасы» Ассоциациясына мүше болып кіруге дайындық үстінде.

Қазақстан аймақтарынан Ассоциацияның бөлімшелері мен өкілдіктерін құру жоспарлануда.

Поделиться