Аудиожолнұсқа

 

Аудиожолнұсқа – музей экспозициясымен өздігінше танысу үшін қолданылатын фонограмма. Аудиожолнұсқа – қолайлы сандық аудиокүйтабақ ретіндегі арнайы құрылғы.

 

 

Музейлер үшін аудиожолнұсқалар келушілерге көрсетілетін қызметтің бір түрі болып табылады.

Аудиожолнұсқа бірнеше аудиокөріністерден тұрады. Көріністер нөмірленеді де  музей сызбасына (картасына) немесе экспонат нөміріне байланады. Егер аудиожолнұсқа үзінділерден құралған жүйелі және аяқталған әңгімені жобалайтын болса, онда оны аудиоэкскурсия (саяхат) деп атайды.

Аудиожолнұсқа шетелдерде кең таралған, Ресейде де күннен-күнге артып келеді. Аудиожолнұсқа арқылы Қазақстанда алғашқы болып біздің музей қызмет көрсетуде.

 

 

Аудиожолнұсқа сізге экскурсияның бағытын көрсетеді, экспонаттар туралы толық мағлұматтар мен тарихи және мәдени анықтамалар  алып Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің экспозицияларымен өздігіңізше танысуға мүмкіндік береді.

Біздің музейде аудиоэкскурияның тілін өзіңіз таңдай аласыз: қазақ, орыс, ағылшын.

Поделиться