Корея Республикасының Білім министрі Ли Чжун Шик Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде болды

      2017 жылғы 28 наурызда Корея Республикасы премьер-министрінің әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, білім министрі Ли Чжун Шик Орта Азияға іс-сапары барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне келді. Ли Чжун Шик мырза музейдің Алтын залын және Этнография, Тәуелсіз Қазақстан, Астана залдарын тамашалады. Экскурсия соңында музей қызметкерлеріне деген алғысын Құрмет кітабына жазды.

      «Болашақта Корея Қазақстанның Алтын ғасырға жетуіне сенімді серіктесі болады»


Корея Республикасының Білім министрі Ли Чжун Шик