Ұлттық музейде суретші Люба Стерликованың «Ғаламның генетикалық коды» атты көрмесі ашылады

      2017 жылғы 16 наурызда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың «Ғаламның генетикалық коды» атты көрмесі ашылады.
      Көрме Астанадағы Халықаралық «Экспо-2017» көрмесінің қарсаңында өтеді және 2017 жылғы 16 сәуірге дейін жалғасады. Көрмеге кескіндеме, нысандар және видеоинсталляциялар қойылады.
      Көрме жетекшісі танымал өнертанушы Виталий Пацюков. Шараға Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің «АҚШ-Қазақстан» бизнес ассоциациясы және «Кэрил» PR компаниясы (АҚШ) қолдау білдіріп отыр.
      Көрме аясында ғылым мен өнердің байланысы туралы пікірсайыс ұйымдастырылады. Пікірсайыста осы тақырып бойынша ғалымдар, суретшілер, өнертанушылар өз пікірлерін айтқан бейнематериал көрсетіледі.
      «Ғаламның генетикалық коды» көрмесінің ғарышты игеру басталған әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы Байқоңыр орналасқан Қазақстан жерінде өтуінде символды мән бар.
      Люба Стерликованың «Ғаламның генетикалық коды» жобасы бізді ішкі пайымдаудың сыртқы пішіні ретінде кеңістік уақытқа қарсы қойылмайтын әлемнің ерекше үлгісіне алып келеді. Суретшінің шиыршықталған құрылымға салынған композициялары шындықты ғарыштық көп қатпарлы мата ретінде қарастырады. Люба Стерликова өзінің шығармашылық әдісінде кеңістіктің микро және макро-өлшемдеріне барынша жақындай отырып әмбебап оптиканы пайдаланады. Суретшінің туындыларында ғарыш өз бейнелерінде өмір матрицаларын кодтайтын тиянақты модулдерімен ашыла отырып, энергия ретінде, материяның плазмалық күйі ретінде табиғи үйлесім тапқан. Люба Стерликова өзінің көркем жүйесінде әлемнің тұтастығын жан-жақты түсіну мәселелерін кездейсоқ үдерістердің және кванттық ғарышнаманың дамуының заманауи теорияларының, соның ішінде Стэнфорд университетінің профессоры Андрей Линденің кеңеймелі, көп әлемдік теориясының әсерімен шешеді. Сол мезетте оның «матрицалық» көзге көрінетін конструкциялары авангардтық мәдениеттің классикалық дәстүрлеріне, Ғарыштық Сана теориясының әсерімен қалыптасқан күрделі идеяларына кетеді.
      Люба Стeрликованың туындылары Вашингтондағы Смитсон институты Ұлттық авиация және ғарышкерлік музейінің, Татарстан Республикасы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінің (Қазан), Ханты-Мансий Мемлекеттік көркемөнер музейінің, Ресей Мемлекеттік кітапханасының, Бахрушин атындағы Мемлекеттік театр музейінің (Мәскеу) топтамаларында және АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Ресей коллекционерлерінің жеке топтамаларында сақтаулы.
      Люба Стeрликова – шыққан тегі орыс америкалық суретші, АҚШ және Ресейдің бірқатар көркемөнер бірлестіктерінің мүшесі, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Италия, Үндістан, Мысыр, Испания және Ресей сынды елдердегі 80-нен астам көрмелерге қатысушы. Вашингтанда тұрып, жұмыс жасайды.

Поделиться