«Алғыс айту» күніне орай музей сабағы

      2017 жылғы 1 наурызда ҚР Ұлттық музейінде Педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің «Ұлттық құндылықтар» жобасы аясында Мәдени білім беру бағдарламалары секторының ұйымдастыруымен, «Қазақ халқының дәстүрлі ән өнері» атты кезекті әдеби-саз сабағы өтті.

      Сабақ барысында Арқа әншілік дәстүрі мектебі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі мектебі, Жетісу әншілік дәстүрі мектебі, Сыр өңірінің жыраулық дәстүрі мектебі, Алтай-Тарбағатай ән-жыр мектебінің дәстүрлі әндері орындалды.
      Сабақтың мақсаты - халықтық музыка өнерін насихаттап, қазақтың халық әндері мен дәстүрлі музыка өнерінің тарихын және мән-мазмұнын терең түсініп сезінуге тәрбиелеу.
      Музейлік сабақ қазақтың қасиетті қара шаңырағы Киіз үйде дастархан басында № 50, 83 мектеп оқушылары мен ұстаздары және Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі ән» кафедрасының 1-ші курс студенттерінің қатысуымен өтті.

      Балалар халық әніне сусындап, ұлттық тағамдардан дәм татып, сабақтан үлкен әсер алып тарады.
      Сабақты дайындап өткізген Педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Ахметқалиева Гульжанат.

Поделиться