Ирандық суретшілер Ұлттық музейге тарту жасады

      Ұлттық музейде ашылған «Ирандық миниатюра мен каллиграмма» көрмесінің авторлары Бехзад Бозорги мен Мехди Мовахедипур жеке коллекцияларындағы картиналары мен қолдан жасалған кәдесыйларын музей қорына табыс етті.
      Еліміздегі Иран Ислам Республикасының елшісі Моджтаба Дамирчилу мырза: «Біздің суретшілердің көрмесі Ұлттық музейде өтіп жатқанына қуаныштымыз. Осы уақытқа дейін Қазақстан мен Иран арасында берік байланыс орнығып үлгерді. Бұдан кейін де саяси және мәдени байланысымыз Қазақстанда да, Иранда да өз жалғасын таба береді деген сенімдемін» – дей келе, Ұлттық музейдің қорына арнайы әкелген жәдігерлерін табыс етті.
      Өз кезегінде суретші Бехзад Бозорги: «Көрме келушілердің көңіленен шықты деп ойлаймын. Өнердің ерекше әсерін сезініп, көрме жасауға мүмкіндік берген Ұлттық музейге алғысымды білдіремін. Ендігі жерде қазақстандық суретшілердің көрмелері де біздің елімізде өтетін болады» – деді. Көрмеге экспозициялары қойылған екі суретші де бір-бір картиналарын музейге табыс етті.

      Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай: «Болашақта Ұлттық музей әлем мәдениетіне арналған жеке зал ашатын болады. Сіздер сыйға тартқан жәдігерлер сол залдың экспонаттарының қатарын толықтырады» – деп, қонақтарға алғыс білдірді.