«Өнер Заманның Энергиясы»

Рух кеңістігі құшаққа сыймасты құшақтауға мүмкіндік береді, жан терең әрі таза болған сайын, ол биікте қалықтай түседі. Көшпелінің ұрпағына өнерді жасау оңай. Өнер - оның өмірі, табиғат - анасы, өзі болса аңыз сыйлаған Әкенің өсиетін тыңдайтын - ұлы суретші.

Ұлы дала ешқашан үмітті алдаған емес, себебі оның басты заңы жасау. Өткен ғасырдың басында, 1913 жылы ол дүниеге барлық талантты аямай берген және мыңжылдық жадыны жеткізетін тағы бір ұлын сыйлады.

1913 жылғы 2 қаңтарда Қазақстанның Сарыарқа даласында өмір суретшісі, осы өмірге ғашық және оған өмірінің соңына дейін сенген Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов дүниеге келді.

Нағыз көшпелі ретінде ол өзіне Жолды таңдаған жоқ, өйткені көшпелінің өзі әрдайым - жол, үнемі жасампаз, шығарамшыл жол.

Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың отбасы 2017 жылғы 15 ақпанда ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп суретшінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Өнер Заманның Энергиясы» атты көрмесін ашады.

Көрме келушілерге бұрын БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да экспозицияланған суретші отбасының топтамасынан жауһарлар мен тарихи экспонаттарды ұсынады. Көрермендер алғаш рет ҚР Ұлттық музейінің топтамасындағы Әубәкір Ысмайыловтың 30-60 жылдарғы акварелдері және  карикатураларын және Ә. Қастеев атындағы МӨМ-ндегі көркем сурет туындыларын тамашалай алады .  

Көрмені ұйымдастырушылар осы жобаның Әубәкір Ысмайыловтың барлық аңызға айналған бастамаларының жалғасы болатынына, сол сияқты суретшінің шығармашылығын одан әрі зерттеу және таныстыру ісіне үлес қосатынына сенімді.