Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі эскиздер жасауға жарияланған бәйгенің 2017 жылғы 15 наурызға дейін жалғасатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін (білдекті (станковый), монументалды-сәндік), инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды.

Байқау 2016 жылғы 15 қыркүйек пен 2017 жылғы 15 наурыз аралығында өтеді. Байқауға қатысуға кәсіби суретшілер шақырылады. Сыйлықақының жалпы қоры - бір миллион теңге.

Байқаудың мақсаты және міндеттері:

  • Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар және көрнекті тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандықтардың тарихи оқиғаларға көзқарастарын қалыптастыру.
  • арихи жанрды (тарихи-тұрмыстық жанр, тарихи-этнографиялық жанр, кескінді тарихи композиция, тарихи пейзаж, соғыс тақырыбындағы сюжетті жанр) дәріптеу.
  • Суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін жандандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру.
  • Басты шығармашылық жетістіктерді анықтау және отандық заманауи бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерге жұртшылықтың назарын кеңінен аудару.

Конкурс шарттарымен танысуға болады: байқау шарттары жуктеу

Байланысу:

010000,  Астана қ., Тәуелсіздік, 54.

тел.: +7(7172) 91 90 35, +7(7172) 91 90 36

e-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru

www.nationalmuseum.kz