Директордың блогы

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 13 маусымындағы кеңейтілген отырысында қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «ұлттық өркендеу мен мәдени ілгерілеудің рухани орталығы ретінде Астана қаласында «Мәдени мұра» бағдарламасы  бойынша аса құнды қазыналарды жинақтап халықаралық деңгейдегі музей ашуды ұйымдастыру»  деген шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін ашу мүмкін болып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама белгілеген мәдениеттің барлық бағыттарының құлшынысы бүгінгі таңға дейін бір кездері Қазақстан тарихының беймәлім болып келген беттерін халық игілігіне айналдырып оң нәтижелер беріп келеді.

Қазақстанның мәдени мұрасының материалдық және рухани құрамдарын зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде: жақын және алыс шетелдердің мұрағаттары мен кітап қоймаларынан қазақтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты мәліметтер берілген құжаттарды іздеу; ұлттық мәдениет үшін ереше маңызы бар тарихи-мәдени, сәулеттік және археологиялық бірегей ескерткіштерді зерттеу. Археология, антропология, этнография, халықтық сәндік-қолданбалы өнер мен рухани мәдениет бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылды. Аталған мегажоба елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру мен сақтау және ұлттық дәстүрлерді жандандырумен қатар, Қазақстан мәдениетін әлемге паш ету, шетелдерде Қазақстан мәдени мұрасының танылуын арттыруға  бағытталған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында табылған бірегей артефакттар Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорына кіріп отыр.

Президент Н.Ә. Назарбаев 2013 жылдың қаңтар айында мәдениет қайраткерлерімен өткен кездесуінде: «Қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени мұраның ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Ол әлемдегі түрлі халықтардың мәдени құндылықтарын қабылдау жүйесінде нақты танылуы тиіс», - деп ерекше атап өткен болатын.

Біз де осы бағытта жұмыс істеуді жалғастыруымыз қажет. Ұлттық музей ғылыми, теориялық және әдістемелік орталыққа және Қазақстан музей қауымдастығы үшін көшбасшыға айнала отырып, мәдениеттің заманауи зияткерлік мекемесі мен  Республиканың тарихи және мәдени мұраларын сараптайтын, салыстыратын, зерделейтін, талқылайтын, бағалайтын және насихаттайтын орын болуы тиіс.

Міне, осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің алдында зор міндеттер тұр. Музейдің сайты арқылы кез-келгендеріңіз маған өз ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңізді айта аласыздар, ал мен, өз кезегімде, сіздерді  Ұлттық музейде болып жатқан барлық уақиғалар туралы хабардар етіп отырамын.

Қош келдіңіздер!

­Свяжитесь с нами

Если вы хотите получить больше информации, заполните эту форму. Мы свяжемся с вами в ближайшее время.
Пожалуйста, заполните все обязательные поля.
Отправляя эту форму, вы принимаете нашу политику конфиденциальности.