Тарих залы

Қазақстан тарихы залында қазақ халқыныңмаңызды тарихи оқиғаларға толы мыңжылдық тарихы баяндалады. Экспозицияда Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан жерлерінде қазақ мемлекетінің пайда болуы, дамуы және өркендеуі көрсетіледі.

Келушілердің назарына көшпелі және отырықшы халықтың экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси қатынастарының өркендеуіне ықпалын тигізген Ұлы Жібек жолы ұсынылады.

Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі көптеген билер мен әскери қолбасшы-батырлардың есімімен тығыз байланысты. Олардың көрегенділігі мен ерліктерінің арқасында қазақ елі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысында жойылып кетуден аман қалды. Өз рулары мен тайпаларының қолын бастаған көптеген батырлар, тек әскери емес, сонымен қатар көшпелі қазақтың әлеуметтік-саяси өмірінде де үлкен рөл атқарды.

Экспозицияда қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өзіне тән ерекше рухани және материалдық мәдениетіне: батырлар және лиро-эпостық жырларына, ақындар мен жыраулардың, күйшілер мен ойшылдардың тың туындыларына кең орын берілген.

Қазақстан тарихында ХХ ғасыр ауыр әрі қасіретті оқиғаларға толы болды. Кеңес үкіметін орнату жылдары мен 1932-1933 жж. ашаршылық, 1937-1938 жж. жаппай саяси қуғын-сүргін, қазақстандықтардың Екінші Дүниежүзілік соғысқа және Ауғанстандағы әскери қақтығысқа қатысуы (1979-1989жж.), Семей полигонындағы ядролық сынақтар, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі осы кезеңде өтті. Алайда қиыншылықтарға қарамастан, елімізде білім, ғылым, мәдениет және экономика салалары қарқынды дамып жатты. Тың және тыңайған жерлерді игеру, өнеркәсіпті дамыту қолға алынды. Пайдалы қазбалардың жаңа орындары игеріліп, жаңа аудандар мен қалалардың пайда болды.

Музейге келушілердің назарына қазақ батырларының қару-жарақтары: алтын дулыға, айбалта, садақ пен жебелер, шоқпар, білтелі мылтық ұсынылады. Қазыбек бидің қайта қалпына келтірілген шапаны, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында жинақталған шығыс миниатюралары, қыш ыдыстар, XVIII-XIXғғ. жататын бірегей фотосуреттер, сирек кітаптар тұңғыш рет көрсетіледі.

Экспозицияда Қазақстан тарихының барлық кезеңдері қамтылып, Қазақстанның КСРО құрамында болған кезеңі көрсетіледі. Идеологиялық құрамы және оның жүзеге асуы тұрғысынан қарастырғанда кеңестік саясаттың мақсаттары кеңестік режим тарихындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстандағы кеңестік дәуір туралы естеліктер әлі күнге дейін көптеген адамдардың жадында сақталған.

Қазақстан КСРО құрамында экспозициясы Кеңес үкіметінің орнауы, «Алаш» партиясының құрылуы, 1920-1921 және 1932-1933 жылдар аралығындағы жаппай ашаршылық кезеңдері, Қазақстанды ұжымдастыру мен оның зардаптары, индустрияландыру, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, «КАРЛАГ», «СТЕПЛАГ», «АЛЖИР» лагерлерінің құрылуы, түрлі халықтардың Қазақстанға жер аударылуы, қазақстандықтардың 1941-1945 жылдарда Ұлы Отан соғысына, оның ішінде Мәскеу түбіндегі, Сталинград, Ленинград және Берлин шайқастарына қатысуысынды шешуші оқиғаларды көрсетеді.

Соғыстан кейінгі кезеңдер тақырыбында тың және тыңайған жерлерді игеру, экономикалық реформалар, ғарышты игеру, кеңестік кезеңдегі мәдениет, ғылым мен білімнің дамуы, сондай-ақ Социалистік жүйенің дағдарысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және кеңестік мемлекеттің күйреуі сынды тақырыптар қозғалады.

Осы кезеңге байланысты эскспозицияның басты мақсаты – тарихи оқиғаларды түпнұсқалық экспонаттар арқылы көрсету, көрермендердің назарын тарихтың негізгі және жарқын оқиғаларына аудару.

Экспонаттар, арт-нысандар, құжаттар, естеліктер тарихи оқиғалардың өрбуіне билік басында тұрғандардың және қарапайым адамдардың іс-әрекеттері қалай әсер еткенін көрсетеді.

Экспозициялық кеңістік адам өмірінің барлық саласын қамтып, оның санасына сіңіп кеткен кеңестік дәуірдің көрінісін өзінше бағалауға мүмкіндік береді.

Залда орналасқан тоғыз экран арқылы 1917-1986 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтитын бейнефильмдер көрсетіледі. Залдағы интерактивті үстелдеркелушілерге Тарих залының экспонаттары мен тарихи оқиғалар туралы мәлімет береді және осы кезеңде өмір сүрген ұлы қайраткерлердің өмірбаяндарымен таныстырады.