«Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және польшалық бітімгер әскерлер» халықаралық көшпелі фотокөрмесі ашылды.

2019 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және польшалық бітімгер әскерлер» халықаралық көшпелі фотокөрмесі ашылды.

14-03-2019-2-1

Көрмені ҚР Қорғаныс Министрлігі және ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен капитан-бітімгер Қайрат Құдабаев атындағы қоғамдық қор мен Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының қорғаныс істері жөніндегі атташесі ұйымдастырып отыр. Келушілер назарына елуден астам туындылар ұсынылды, олардың ішінде 2005 жылғы 9 қаңтарда Васиб провинциясында ерлікпен қаза тапқан 29 жасар капитан Қайрат Құдабаевтың (өлгеннен кейін  I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған) авторлық түсірілімдері бар.

14-03-2019-2-2

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Ирактың қиын кезеңдерді бастан өткеріп отырғандығын білеміз және біз барлық мәселелер тезірек шешімін тауып кетуіне тілектестік білдіреміз. Соғыстың салдарынан он мыңдаған ирактық қаза тапты, 3,6 миллион азамат елден кетуге мәжбүр болды, әлемдегі ең ескі өркениеттің тарихи ескерткіштері мен нысандары қиратылды. Бұл көрме сол бір ауыр күндерден сыр шертеді. Көрерменге ой тастайды. Сол миссияны атқару барысында ерлікпен қаза болған 29 жасар капитан Қайрат Құдабаевтың өр тұлғасына еріксіз бас иесің. Бүгінгі көрменің ұрпақ тәрбиесі үшін тағылымы мол болады деп есептейміз», - деді.

14-03-2019-2-3

Ирактағы миссия кезінде Қазбаттың инженерлік-саперлік отрядымен 290 қазақстандық әскери қызметшілер қатысқан, 10 рет ротация болған. Контингенттің негізгі мақсаты жарылмай қалған әскери қару-жарақтарды тауып алып залалсыздандыру, далалық пункттерді ауыз сумен қамту, суды тазалау және медициналық жәрдем оқиғалары орын алған. Ирактағы миссия басталғалы жеке құрам 4 миллион жарылу қауіп бар нәрселердің көзін жойып, 6 718 текше метр суды тазалаған, сапер ісіне Ирак Әскери академиясының 572 курсантын машықтандырған. Қазақстандық әскери дәрігерлер медициналық көмек көрсетумен –  әсіресе, әйелдер мен балаларға, сондай-ақ лаңкестік шабуылдардан зардап шеккендерге жәрдем берумен айналысқан.

14-03-2019-2-4

2019 жылдың  25 мамыры күні «Ирак ашық аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгерәскерлер»фотокөрмесі Варшавадағы Польша Войскосы (Польша Республикасы) музейінде ашылады.

Аталған көрме ҚР Ұлттық музейінде 2019 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

14-03-2019-2-5

Поделиться