Мәдениет және спорт министрлігінің
"Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК-де
болу қағидалары

      Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі – Музей) болу кезінде  тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған және Музей кешені аумағында болатын барлық адамдар орындауға міндетті. Музей кешені аумағына: автотұрақ, кіреберіс аумағы жанындағы вестибюль, киім ілетін аймақ, кірме дәліздер, баспалдақтар, эскалаторлар, лифтілер, мүмкіндіктері шектеулі  адамдар үшін көтеру тұғыры, көрме залы, әжетхана бөлмелері, конференц-зал, экспозиция залдары жатады.

        Музейге келушілерге қызмет көрсету қауіпсіздігі мен мәдениетін қамтамасыз ету үшін  лауазымды тұлғалардың  жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі  қолданыстағы  заңмен және  Музейдің желілік нормативтік актілерімен  айқындалады.

     Ұлттық музей келушілерге дүйсенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа және 1 қаңтарды есептемегенде ашық.  

 

Музей жұмысының басталу  және аяқталу уақыты мына  сайтта көрсетілген:

- ресми сайтта (www.nationalmuseum.kz);

- кіру аймағында ақпараттық анықтамалық  тасығыштарда.

Музейге  кіру  билеті көрсетілген күнінде  бір реттік келу құқығын береді.

 

 

Шұғыл жағдай туындаған кезде  кіру аймағына қайта оралып,  турникет,  арқылы өткеннен кейін  келуші  Музейге қайта кіру тәртібін келісімдеу үшін   әкімшілікке  жүгінуге міндетті.

Пайдаланылмаған (штрих-код есептелмегенде)  кіру билеті, қызмет көрсету билетері  кассаға  қайтарылуы мүмкін.

Кіру билетін, қызмет көрсету билеті  пайдаланылмаған жағдайда  ақша қаражатын қайтару  тек  кіру билеті пайдаланылмағанын дәлелдейтін  келушінің  жеке өтініші және   Музей әкімшілігінің  билеттегі  (немесе түбіртектегі) қолының негізінде  жеке басын растайтын құжатты  көрсеткен кезде  жүзеге асырылады.

Әуесқой фото мен бейне түсірілімдер түсіруге алынған билетті кері қайтару жоғарыда келтірілген тәртіппен кіру билеті пайдаланылмаған жағдайда  ғана жүзеге асырылады.

Музейге келушілер: Музей ашық болған күнінде және сағатында  кассада ұйымдасқан кезек  тәртібімен  кіру  билетін алуға; немесе Музей сайтында билеттерді алдын ала брондап қоюға, Мемлекет меншігі болып табылатын Музейдің  мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын сақтауға міндетті.

 

2. Музейде болу тәртібі мен  талаптары

 

2.1. Музейде  болу талаптарына  мыналар жатады: 

1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;

2) Сыртқы киімдерін киім ілетін орынға ілу;

3) Қол жүгін ұяшықта сақтап, орналастыруға арналған киім ілетін орынға мыналарды  тапсыру: сөмкелер, жолдорбалар, кейстер, өлшемі  40х40х20 см-ден аспайтын қолшатырлар, өлшемі 40х40х20 см-ден асатын  қол жүктерді сақтау ұяшығына тапсыруға болмайды, осындай қол жүкпен Музей аумағына өтуге тиым салынады.

4) Музейдің Желілік нормативтік актісінде көрсетілген (көрсетілген санат тізбесі Музей кассасындағы  ақпараттық блокқа орналастырылған)  жеңілдік санатындағы келушілер үшін Музейге келу жеңілдікпен/тегін қызмет көрсету құқығын растайтын (төлқұжат, жеке куәлік, студенттік билет және  басқа да құжаттар)  құжатты көрсету кезінде  берілетін жеңілдікпен/тегін келуге  құқығы бар  жеңілдікті/ тегін билет  негізінде  жүзеге асырылады;  

5) Музейдің экспозициясына  кіру үшін автоматтандырылған бақылау  сызығын кесіп өтіп, тексерме құрал-жабдықтар (интроскоп)  және арнайы құрал-жабдықтар (металдетектор) арқылы тексерістен өту қажет. Қажет болған жағдайда  жеке заттарға (әйел адамдардың спорт және  шаруашылық  сөмкелерін, пакеттерді, папкаларды және т.б.)   сыртынан  шолып қарау тексерісі іске асырылады.

6) Музейге кіру "КІРУ" есігі арқылы ғана кіріп,  кешеннен "ШЫҒУ" есігі арқылы ғана шығуды жүзеге асыру.

7) Көрме кешеніне келуге құқық беретін билетті бақылау пунктінде көрсетіп, турникет арқылы өту қажет. Бұл билетпен екінші рет өтуге болмайды.

8) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша (Музейде өткізетін уақыт аяқталғанға дейін) сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету қажет.

9) Автоматтандырылмаған бақылау пункті шағын топтардағы келушілердің өтуіне ғана арналған.

10)Түтін шыққан немесе өрт байқалған жағдайда, сондай-ақ келушілердің немесе Музей қауіпсіздігіне әсер етуі ықтимал жағдайларда бұл туралы дереу түрде Музей қызметкерлеріне хабарлау қажет.

11) Егер де иесіз  киімдер мен заттар табылған жағдайда өз еркімен оларды орнынан  қозғау әрекеттерін жасамай,  бұл туралы дереу  Музей қызметкерлеріне хабарлау қажет;

12) Баспалдақтарды пайдаланған кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, тұтқадан ұстап, оған асылмау қажет, кішкентай балаларды қолдарынан ұстап жүру немесе қолға алу және олардың баспалдақта өздерін  дұрыс ұстауын бақылау тиіс;

13) Музейге 14 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге ғана кіре алады.

14) Музей кассасынан алынбаған басқа да құжаттар (Сыйға берілген сертификат және т.б.) Музейге кіруге негіз болып табылмайды; 

15) Балалар мен мектеп оқушылары алдын ала жазылусыз келген жағдайда:

- балалар мен мектеп оқушылары ұйымдасқан  әр топтың құрамында  (16 жасқа дейін) 1 ересек топ жетекшісі  болуы тиіс.

-ата-аналар және  топты бастап жүрушілер балаларды Музейге келу қағидаларымен таныстырып әрі  олардың сақталуына жауапкершілікте болуы тиіс.

16. Музейге топпен кіруге алдын ала  мына телефон нөмірі  арқылы жазылуға болады: +7(7172) 91-90-35 (10:00-ден 17:00-ге дейін); дүйсенбі - демалыс күні,  әр айдың соңғы жұма күні – санитарлық күн.  

 

2.2.  Келушілерге: 

   1)  Сыртқы киіммен, бас киіммен, мойынорағышпен, тері күртемен, күннен

қорғайтын көзілдірікпен өтуіне;

2) Залда кофталарын, тоқыма жылы және қалың киімдерін шешіп, қолдарында, сөмкелерде ұстап жүрулеріне, белдеріне байлап жүрулеріне;

3) Кез келген мөлшердегі қол сөмкелерін, үлкен сөмкелерді алып жүруге;

4)Балалар арбасын алып өтуге;  Музей арбашаларды қоятын арнайы тұрақ орнымен жабдықталған;

5) Аяқ киімсіз және киімсіз жүруге және өтуге;

6)Балалар ойыншықтарын, әуе шарларын, гүлдерді, шыбықтырды, кез келген көлемдегі қолшатырларды және басқа да заттарды алып өтуге;

7) Билетсіз турникет арқылы өтуге;

8) Қызметтік, өндірістік және техникалық үй-жайларға өз еркімен кіруге;  

9) Тамақпен және сусындармен кіруге;

10) Өздері әкелген кез келген (алкогольді және алкогольсіз) ішімдіктерді ішуге, музей кешеніне мас күйінде кіруге, сондай-ақ есірткіге және уытты еліту жағдайында келуге;

11)Пиротехникалық, тез жанатын, уландыратын, уытты, улы заттарды, сұйықтықтарды, тұрмыстық газ баллондарын алып өтуге;

12) Кез келген ашық отты, пиротехникалық құрылғыларды (отшашуларды, петардаларды және т.б.) пайдалануға;

  13) Отпен атылатын, шанышқылы қару, кесетін және оңай сынатын заттар, сонымен қатар оларды құрайтын және олардын тұратын заттар алып кіруге;

   14) Кез келген жануарларды өткізуге немесе алып кіруге;

   15) Музей ғимаратында темекі (соның ішінде электронды сигареттерді) тартуға;

   16) Макеттер мен витриналарды қолмен ұстауға, оларға тиіп кетуге, макеттерге кез келген заттарды қоюға;

   17) Макет астындағы кеңістікке кіруге;

   18) Балаларды қоршау арқандарының, турникеттің, сүйеніштің, қоршаудың үстіне  отырғызуға;

  19) Музейдің нысандарына және жабдықтарына, сонымен қатар мүлкіне залал келтіруге, аталған тармақ бұзылған жағдайда мүлікке залал келтіруші тұлға келтірілген залалды толық көлемде өтейді. Аталған жағдай толығымен қағазға түсіріліп, мүлікке залал келгені туралы акт дайындалады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім шығару үшін тиісті органға тапсырылады.

   20) Музейдің ғимараты мен аумағын кірлетуге және ластауға;

   21) Заттардың, нысандардың және т.б. беттеріне кез келген жазу жазуға;

  22) Музей ғимаратында жүгіруге, қатты сөйлеуге, өлең айтуға, экскурсия жүргізілу барысында телефонмен сөйлесуге;

   23) Музей қызметкерлерімен және басқа да келушілермен төбелесуге, оларға тіл тигізуге;

  24) Роликті тақтайшаларды және конькилерді, өздігінен жүретін сырғанақтарды, велосипедтерді және басқа да осындай спорт құралдарын әкелуге, сондай-ақ Музейге роликті аяқ киіммен  келуге;

 25) Дауыс күшейткіш арқылы аудиотехника тыңдауға, дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға және музыкалық аспаптарда (арнайы рұқсатсыз) ойнауға;

  26) Әкімшісінің арнайы рұқсатынсыз Музейдің аумағын коммерциялық, жарнамалық және басқа қызметтер үшін қолдануға;

   27) Кез келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге;

   28) Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көтергіш платформаны

(музей қызметкерлері  сүйемелдеп жүретін мүмкіндіктері шектеулі адамдардан басқа) және әжетхананы  пайдалануға;

   29) Музейдің барлық залдарында (арнайы рұқсатсыз) фото- және бейне түсірілім жүргізуге;

   30) Жұмыс күні аяқталғаннан кейін музей кешенінде болуға тыйым салынады.

Ережелер бұзылған жағдайда Музейдің қызметкерлері келушілердің келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануға әрі тәртіп бұзушыларды Музей кешенінен шығарып жіберуге құқылы.

 

 

3. Музей кешеніне келушілердің:

1. Музейдің жұмыс кестесіне сәйкес келуге арналған оның барлық  үй жайларына кіруге;

2. Арнайы рұқсат етілген аймақтарда фото- және бейне аппараттарды (фото- және бейне түсірілім жасауға арнайы билет болған жағдайда) қолдануға;

3. Аудио гидтер прокатын пайдалануға (аудио гидтер жасы кәмелетке толған тұлғаларға беріледі);

4. Дәмхана, дүкен қызметтерін пайдалануға;

5. Макеттерді тек қоршау сыртынан қарауға;

6. Балаларға арналған басқа да бейімделгіш заттармен (рюкзак-кенгуру, нәрестелерге арналған себет және сөмке)  өтуге құқығы бар.

Музейде болған кезінде бақытсыздық жағдайларына тап болмас үшін абай болып, мыналарды ескеру қажет:

- залдарда оқтын-оқтын қараңғылау, яғни түннің басталғанын бейнелейтін күңгірттенулер болып тұрады;

- экспозициялар қуатты дыбыстық және жарық әсерлерімен жарақтанған;

- залдарда үнемі еден ылғалдандырылып, тазалау жұмыстары жүргізіледі;

- балаларды мойынға салып экспозицияларды қарап жүрген жағдайда есіктердің және басқа да қуыстардың биіктігін ескеру қажет;

- қарайтын тұғырларды пайдалану кезінде өзінің дене мүмкіндіктерін ескерулері тиіс.

Әкімшілік мына құқықтарды өздеріне алады (өздерінде қалдырады):

- Музей жұмысының уақытын өзгеруге, бірақ та алдын ала келушілерді ескертуге;

- кассаның жұмысын ұйымдастыру арқылы, Музейдің кіріс аймағында кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Тұлғаға кассада қызмет көрсету кезінде, жеңілдікпен алынатын билеттерді сату барысында, аталған санаттағы тұлға екенін растайтын тиісті құжатты кассир талап етуге міндетті;

- келушілердің сыртқы киімдерін шешуге арналған  киім ілетін орынның жұмысын, сонымен қатар ірі көлемді қол жүктерін және фото-бейне техникаларын сақтауға тапсыру барысында арнайы ұяшықтармен қамтамасыз етуге;

- Музейдің кіріс аймағында музей заттары мен коллекцияларына қол жеткізу ережесі мен шарттары туралы мәліметтер бар ақпаратты стендпен қамтамасыз етуі қажет. Стендтер көрінетін қол жетімді жерде келесі форматтардың бірінде: қабырға стендтері, еденге немеме столға орналасқан тіреуіштерде, және төмендегідей ақпараттардан:

• Музейдің жұмыс кестесі туралы ақпарат;

• Уақытша көрмелер туралы ақпарат;

• Жабық залдар бойынша ақпарат;

• Музейде көрсетілетін қызметтер тізімі туралы ақпарат;

• Экскурсияға тапсырыс беру мүмкіндігі туралы ақпарат;

• Музейдің электронды каталогын пайдалану ережесі туралы ақпарат;

• Музейдің жұмысы туралы келушілірдің пікірі, ескертулері мен ұсыныстарын білдіру әдістері туралы ақпараттан тұруы қажет.

демалатын, тамақ ішетін жерлерді және әжетхананы көрсете отырып Музей залдары бойынша  өзекті және түсінікті навигациялық жүйемен қамтамасыз етуге;

 - экспозицияларда залдағы музей заттары, экспозициялық залдың сипаты жөнінде ақпараттан тұратын этикеткалар және ақпараттық парақтармен қамтамасыз етуге; 

 - бейімделуі төменгі мөлшердегі санатқа жататын: сүйеніш-қозғалтқыштары бұзылған  мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, қария кісілерге экспозицияның қол жетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.  Қажет болған жағдайда көтеретін аппараттарды қолдану үшін келушілір Музей әкімшісінен рұқсат алады;

 - персоналдың (оның ішінде техникалық персоналдың) Музейге келушілермен сыпайы сөйлесуін, Ережеде көрсетілген жағдайлардан басқа, оларға мәжбүрлеу шараларын қолданбауды қамтамасыз ету қажет;  

 - Музейге келушілермен тығыз байланыста болатын Музей қызметкерлерінің аты-жөні және қызметі жазылған төс белгісінің болуын қамтамасыз етуге;

 - азаматтарды қабылдауды, жазбаша ұсыныстарды, өтініштерді, шағымдарды тіркеуді және заңнамада бекітілген мерзім ішінде оларға жауап беруді қамтамасыз етуге құқылы;

 - Музейге келушілердің қатысуымен түсірілген фото- және бейне материалдарды қолдануға құқылы;

   - кәсіпқой фото- және бейне түсірілмдерді түсіруге рұқсат етуге құқылы;

 - қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ қызметкерлері металл детекторларды қолдана отырып немесе куәгерлердің қатысуымен келушілерді тінтуге құқылы. Келуші бас тартқан жағдайда әкімшілік музейге кіргізбеу құқығын өз мойнына алады.   

  - Музей әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Музей ғимаратында және аймағында бейне түсірілім жүргізуге;

-әкімшілік Музей кешеніне кіруді шектеу арқылы келушілер санын реттеп отыруға құқылы;

-әкімшілік Музейге кіргізуден  бас тарту құқығын өз мойнына алады;

-Музей әкімшілігі экспозиция макетін, сахна сюжеттерін толықтыруға, автомобильдер қозғалысын, ландшафт түстері шешімдерін және т. б. өзгертуге құқылы.

- Музей әкімшілігі қараусыз қалған заттардың жоғалғаны үшін жауап бермейді.

 

Қорытынды ережелер 

Қағидада көрсетілмеген басқа да ережелер үшін  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Музейдің актілерін басшылыққа алу қажет.

Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар Музей директорының бұйрығымен енгізіледі.