Кiтапхана

«ХХІ ғасыр – ғылым, білім және мәдениет ғасыры.

Барлық білімнің қайран бұлағы – кітап».

Н.Ә.Назарбаев

ҚР Ұлттық музейінің кітап қоры 2014 жылы жасалды. Қазіргі таңда кітапхананың кітап қоры 1000 астам аталымнан асып отыр және әртүрлі бірегей материалдармен үнемі толығуда. 

Кітап қорының негізін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің депозитариясынан алынған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында берілген кітаптар құрайды.

Музейдің кітапхана қорын жинақтауға Ұлттық академиялық кітапхана, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Астана» галереясы мен «Деловой мир» басылымының кітапханалары елеулі үлес қосты. ҚР Ұлттық музейіне Қазақстанның мәдени және ғылыми мекемелері өздері басып шығарған еліміздің және басқа да елдердің мәдени, экономикалық және қоғамдық өмірінен мәлімет беретін кітаптары мен басқа да материалдарын ұсынды. Мәселен, ҚР Ұлттық музейіне Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты сирек кездесетін тарихи кітаптарды берді. 

 

Кітапхана қоры «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Ана-тілі», «Қазақ әдебиеті», «Комсомольская правда», «Время», «Жас алаш», «Түркі әлемі», «Мир музея», «Музей», «Вопросы истории», «Қазақ тарихы», «Астана», «Абай», «Вестники древней историй», «Творчество народов мира» сынды газет-журналдармен толығып отырады.

Бүгінгі таңда музейдің кітап қоры қала мен облыстың көптеген мәдени-ағартушылық, білім беру, ғылыми мекемелерімен жасалған әріптестік байланыстардың арқасында да қарқынды толысуда. Ол сонымен қатар кітап саудасының желілері мен қазақстандық музейлердің баспа бөлімдерінің шығарған бейінді басылымдарын алу арқылы да толығып жатыр.

ҚР Ұлттық музейінің кітапханасы музейдің ақпараттық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. 

Ұлттық музей кітапханасы бірегей кітаптармен толықты