Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны аумағында фото, бейне, кино, телетүсірілім жүргізу өтінімін ресімдеу қағидалары

1. ҚР МСМ «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК-да (бұдан әрі -Музей) жүргізілетін әуесқойлық фото және бейнетүсірілім (тағанды, қосымша жарықты және өзге де кәсіби жабдықтарды пайдаланбайтын, адамның жеке өзі қолданатын) алдын-ала қосымша келісімсіз, Музей кассасына қызмет ақысын төлеген жағдайда жүзеге асырылады.

2. Музей аумағындағы кәсіби фото, кино, телетүсірілімге Музей әкімшілігі өтінімді қарап, оған келісім бергеннен кейін рұқсат етілуі мүмкін. Өтінім Музей директорының атына түсіру студиясының басшысының қолымен сол мекеменің бланкісінде беріледі. Әкімшілік жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтінімдерді қарап, мұндай түсірілімдер жүргізудің мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

  Хаттамыналардыкөрсетуқажет:

         студия туралықысқашаақпаратты;

         сюжеттің мазмұны және Музей аумағында түсіру қажеттілігінің негіздемесін;

         түсіруге қажеторындар мен нысандардынақты көрсету;

         жоспарланған күнін, сағат санын;

         жабдықтар тізімін және түсіру тобының құрамын (алдын-ала болжалды).

Музей маманы пікірі қажет болған жағдайда, алдын-ала хабарлау керек.

Өтінімді түсірілім жоспарланған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54, тел. +7 (7172) 919035 (327) мекенжайы бойынша немесе ulttyk_muzei@mail.ru электронды почтасы арқылы (түпнұсқасын кейіннен жеткізіп беру керек) Музейдің ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметіне жолдау қажет. Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметі, өтінімді кеш берген жағдайда, аталған түсірілімнің жоспарланған күнге келісілетініне кепілдік бермейді.

Түсірілімге қатысатын автокөліктердің кіргізілуі түсірілім басталарға дейін 1 күннен кешіктірілмей берілетін тізімге сай жүзеге асырылады.Музей шаралары үшін шақырылған журналисттер үшін аккредитация 1 (бір) күн бұрын жүргізіледі.

3. Музейдегі маңызды оқиғаларды жұртшылыққа жеткізу және/немесе Музей қызметін баяндау мақсатындағы түсірілімдер, Музей және оның экспозициялары, қорлары, мамандары туралы жаңалықтарға арқау болатын материалдар түсіру, сол сияқты Музей туралы деректі фильм түсіру коммерциялық емес деп саналады және тегін жүргізіледі.

4. Деректі және көркем фильмдер, телебағдарламалар мен теле сериалдар, көңіл көтеретін бағдарламалар, музыкалық баяндар, жарнамалық роликтер, көңіл көтеру сипатындағы баспа өнімдері үшін суретке түсіру сынды фото, бейне және киноөнімдерін жасау үшін жүргізілетін түсірілімдер коммерциялық деп саналады және алдын-ала төлем ақысын жасау арқылы шарт негізінде жүзеге асырылады. Құны түсірілім мақсаты мен сағат санына байланысты болады. Шарт өтінімге рұқсат етілгеннен кейін ғана дайындалады және келісімді түзу және оған қол қойылу мен төлем жасау үшін қосымша кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қажет болады.

Заңды тұлға шартты жасасу үшін Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметіне мына құжаттарды ұсынуы қажет:

заңды тұлғаның Жарғысы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

заңды тұлға атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар (контрагентті басшы етіп тағайындау туралы -заңды тұлға қатысушыларының шешімі, егер шартты басқа тұлға жасайтын жағдайда, мәмілелер жасауға құқық беретін сенімхат);

Лицензиялар (егер контрагент әрекеті лицензиялауға жататын болса).

Барлық құжаттардың уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және (сенімхат бойынша әрекет ететін басшы немесе тұлғаның) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген көшірмелері ұсынылады.

Жарғы көшірмесі соңғы парағының екінші бетіне тіркейтін органның белгісі қойылып тігілген түрде ұсынылады.

Ойын фильмдерін ішкі көріністермен түсіруге ерекше жағдайларда және музей бұйымдары жоқ орындардағана рұқсат етіледі. Мұндай түсірілімдерді жүргізуге рұқсатты директордың экспозиция-көрме және қор істері бойынша орынбасары береді.

Дүйсенбі күні және әр айдың соңғы жұмасында түсірілім жұмыстары жүргізілмейді, өйткені дүйсенбі – Музей залдары жабық болады, әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.

       5. Музейдің ғимараты мен бұйымдарының аман сақталуын қамтамасыз етуге, өрт қауіпсіздігі қағидаларының, табиғатты қорғау бойынша заңдылықтардың (далада түсірген жағдайда) орындалуына, сондай-ақ тазалықтың сақталуына бағытталған сақтық шараларын орындау түсірілімді жүргізудің міндетті шарты болып табылады. Музей бұйымдары мен интерьерлері немесе ландшафт бүлінген немесе қираған жағдайда студия келтірілген нұқсанды өтейді.

6. Барлық түсірілімдер Музейдің ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметіне қарасты қызметкерлер арқылы жүргізіледі. Айтылған ережелер мен қағидалар сақталмаған жағдайда олар түсірілімді (оның ішінде коммерциялықты да өтемақысыз ) тоқтатуға немесе тыйым салуға құқылы.

7. Музейдің себебін түсіндірместен түсірілімді жүргізуден бас тартуға құқығы бар.